27 қазан 2026
Энергетика министрлігінде мемлекеттік сатып алулар мәселелері бойынша семинар өтті
Энергетика министрлігінде мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы түсіндіру семинары өтті.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне арналған "Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы түсіндіру" тақырыбында құқықтық оқыту семинары өтті.
Семинарда баяндамашы ретінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру басқармасының басшысы Айсылу Қистаубаева сөз сөйледі.
Сабақ барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының негізгі ережелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру Қағидалары талқыланды.
Сондай-ақ оқыңыз:
Дамир Тоқтамысов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды
28 қазан 2026
Алматыда тағы бір заңсыз құрылыстың бұзылу жұмыстары жүріп жатыр
27 қазан 2026
Қазақстанда үлестік құрылыс бойынша кепілдікті қамтамасыз ету аясында құрылысшыларды бағалау рейтингі жаңартылды
27 қазан 2026
Қатысушыларға қолданыстағы заңнаманың нормалары және мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру тәртібін реттейтін негізгі талаптар түсіндірілді.
Іс-шараға Энергетика министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялардың өңіраралық басқармаларының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қатысты.
Мұндай тақырыптық сабақтарды өткізу мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік сатып алулар саласында заңнаманы тиісті қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған.
деп хабарлайды министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап, ТКШ24.
Фото: gov.kz
