Барлық жаңалықтар

Дамир Тоқтамысов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Дамир Тоқтамысов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Дамир Тоқтамысов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Дамир Тоқтамысов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл шешімді Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы қабылдады.

Дамир Тоқтамысов 1985 жылы дүниеге келген. 2008 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Ауыл шаруашылығын механизациялау» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. 2026 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясынан білім алды.

2008 - 2015 жылдары елордадағы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаментінде әр түрлі қызмет атқарып, жетекші маманнан бөлім басшысына дейін өсті.

2015 - 2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінде сумен жабдықтау және су бұру саласында реттеу басқармасының бас сарапшысы лауазымында жұмыс істеді.

2018 - 2022 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің жылу энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының басшысы болды.

2022 жылдың ақпан айынан 2026 жылғы қазан айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментін басқарды.

Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, бұл туралы ақпаратты ЖКХ24 хабарлайды.

Фото: gov.kz