21 қазан 2026
Қазақстанның мұнайгаз-химиясы жаңа қуаттармен нығаяды
Алматыда өткен Plastex Qazaqstan көрмесінде мұнайгаз-химия саласының дамуы мен инвестициялық жобалары таныстырылды.

Алматыда Plastex Qazaqstan пластмасса және химия өнеркәсібі халықаралық көрмесі өтті, онда саланың өкілдері пластмасс және химия өнеркәсібіндегі инновациялық шешімдер, жабдықтар, шикізат және технологиялармен танысты.
Іс-шараға Энергетика министрлігінің мұнайгаз-химиясы және техникалық реттеу департаментінің директоры Темірлан Үрқұмбаев қатысты. Ол елдің мұнайгаз-химия өнеркәсібінің даму нәтижелерін, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын және саланың келешегі туралы баяндады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы мұнайгаз-химия өнімдерінің өндірісі 619 мың тоннаға жетеді, бұл 2023 жылғы 358 мың тоннадан 73%-ға артық. Өндірістің негізгі бөлігін полипропилен құрайды. Сондай-ақ елімізде параксилол, жағармайлар, метил-трет-бутил эфирі және бензол шығарылады.
Саланың әрі қарай дамуының кілтті факторларының бірі ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда полиэтилен, карбамид, бутадиен және алкилат өндірістерін құру жұмыстары жүргізілуде.
Айрықша назар Атырау облысында полиэтилен өндіру бойынша интеграцияланған газ-химиялық кешен құрылысына аударылды, оның қуаты жылына 1,25 млн тонна. Сонымен қатар полиэтилен өндірісіне қажетті шикізатпен қамтамасыз ететін газ бөлу кешені жобасы да жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ оқыңыз:
Дамир Тоқтамысов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды
28 қазан 2026
Алматыда тағы бір заңсыз құрылыстың бұзылу жұмыстары жүріп жатыр
27 қазан 2026
Энергетика министрлігінде мемлекеттік сатып алулар мәселелері бойынша семинар өтті
27 қазан 2026
Маңызды бағыттардың қатарында Атырау облысында жылына 339 мың тоннаға дейінгі бутадиен және Павлодар облысында жылына 100 мың тоннаға дейінгі алкилат өндірістерін дамыту белгіленді. Осы жобаларды жүзеге асыру арқылы отандық мұнайгаз-химия өнімдерінің ассортиментін кеңейту және ел ішіндегі көмірсутегін өңдеу тереңдігін арттыру жоспарлануда.
Энергетика министрлігі мүдделі тараптармен бірлесіп мұнайгаз-химия өнеркәсібі туралы заң жобасын дайындады, ол Құрылтайға қарауға ұсынылды. Заң жобасы саланы мемлекеттік ынталандыру шараларын, қажетті инфрақұрылымды дамыту, шикізатпен қамту, білікті кадрларды қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық мұнайгаз-химия өнімдеріне сұранысты ынталандыруды қарастырады.
деп хабарлайды ТҚШ24 Энергетика министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
Фото: gov.kz
