Барлық жаңалықтар

Астанада мектеп оқушыларымен «Берік азамат – Берік еңбек – Берік табыс» тақырыбында кездесу өтті

Астанада мектеп оқушыларымен экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында «Берік азамат – Берік еңбек – Берік табыс» тақырыбында кездесу өтті.

Астанада мектеп оқушыларымен «Берік азамат – Берік еңбек – Берік табыс» тақырыбында кездесу өтті

Астанада, «Берік азамат» атты бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында, Шәкен Айманов атындағы №20 орта мектептің оқушыларымен «Берік азамат – Берік еңбек – Берік табыс» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты - оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыру және қоршаған орта тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақыру.

«Кездесу барысында біз «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлерінің жұмысын талқыладық. Әңгіме қала санитарлық тазалығын қамтамасыз ететін адамдардың міндеттері мен еңбегінің ерекшеліктері жайлы болды», — деп атап өтті «Астана Тазалық» ЖШС директоры Альберт Есалиев.

Кездесу кезінде оқушылар кәсіпорынның қызметкерлеріне қызықтыратын сұрақтарын қойды. Қызметкерлер қала тазалығына енжар қарауға болмайтынын еске салып, оқушылармен ашық диалог жүргізді.

«Бүгінгі іс-шара ведомствоаралық іс-қимыл жоспарын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды және қоғам қызметкерлерінің еңбегіне құрмет көрсетуді көздейді. Оқушылар қонақтарға сұрақтарын белсенді түрде қойды. Сонымен қатар, қала тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау және тазалық мәдениеті мәселелері талқыланды. Біз бұл еңбектің қажеттілігіне ерекше назар аудардық», — деді Ш. Айманов атындағы №20 мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Айгүл Дүйсенова.

Жаңалықты Астана қаласының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ресми сайтына сілтеме жасай отырып, ЖКХ24 жеткізеді.

Фото: gov.kz