Барлық жаңалықтар

Шымкентте «Шымкент қаласының газ қызметі» КММ-де жұмыс жиналысы өтті

Шымкентте «Шымкент қаласының газ қызметі» КММ-де жұмыс жиналысы өтті. Жиналыста газбен жабдықтау мәселелері талқыланды.

Шымкентте «Шымкент қаласының газ қызметі» КММ-де жұмыс жиналысы өтті

«Шымкент қаласының газ қызметі» КММ-де жұмыс жиналысы өтті.

Шымкент қаласының тұрғын үй саясаты басқармасының жетекшісінің міндетін атқарушы Көпжан Кенжеханұлы «Шымкент қаласының газ қызметі» КММ-нің жетекшісі мен қызметкерлерімен бірге жұмыс жиналысын өткізді.

Жиналыста бекітілген жоспар бойынша алдағы кезеңнің негізгі міндеттері мен басымдықтарын талқылады. Жылу беру маусымына дайындық және газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіз пайдалануы мәселелері қаралды.

Ерекше назар табиғи газды қауіпсіз пайдалану, газ тұтыну жүйелеріндегі ақауларды болдырмау және халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелеріне аударылды.

Жылу беру маусымында үйлердегі газ жабдықтарының техникалық жай-күйін тексеру, мұржалар мен желдеткіштерді тексеру, сондай-ақ иіс газынан улану мен өрттердің алдын алу шараларын күшейтеді.

Сондай-ақ, анықталған мәселелерді жою, қауіпсіздік талаптарын бұзудың алдын алу және азаматтармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шаралары талқыланды. Кездесу қортындысы бойынша жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар берілді.

Құрметті тұрғындар! Бақытсыз жағдайлардың алдын алу және өмір мен денсаулықты сақтап қалу үшін газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтауыңызды сұраймыз.

Газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыздар, ақаулы немесе өз еркімен жөнделген жабдықты қолданбаңыздар. Мұржалар мен желдеткіштердегі тартылымды тұрақты түрде тексеріңіздер.

Газдың иісі сезілсе, газ құрылғыларын дереу сөндіріп, үйді желдетіп, апаттық газ қызметіне хабарлаңыз.

Қауіпсіздік талаптарын сақтау – төтенше жағдайлардың алдын алудың негізгі кепілі! деп хабарлайды ТКШ24 сайты Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының сайтына сілтеме жасап.

Фото: gov.kz