20 августа 2026 г.
Қызылордада газ есептегіштерін смарт-есептегіштерге ауыстыру жүргізілуде
Қызылордада газ есептегіштерін смарт-есептегіштерге кезең-кезеңмен ауыстыру басталды. Жоба тұтынушыларға қауіпсіз газ пайдалану үшін бағытталған.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Aqyl Energy жобасын іске қосты, ол аясында газ есептегіштері жаңа смарт-есептегіштерге кезең-кезеңмен ауыстырылады. Жоба газды пайдалану қауіпсіздігін арттыруға және есеп жүйесін жеңілдетуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес, тұрмыстық тұтынушылардың газ есептегіштерін ауыстыру тегін жүргізіледі. Есептегішті сатып алу, орнату, қызмет көрсету және міндетті тексеру шығындарының барлығын «QazaqGaz Aimaq» АҚ өз мойнына алады.
Халықтың назарына:
- Газ есептегішті ауыстыру шамамен 30 минут уақыт алады;
- Ескі есептегіш иесіне қайтарылады;
- Жаңа есептегішке жауапкершілік сақтау туралы келісім жасалады;
- Қажет болған жағдайда дәнекерлеу жұмыстары жүргізіледі;
- Мамандардың жұмыс істеуі үшін есептегіш орналасқан жерге еркін кіруді қамтамасыз етіңіз.
Бұл туралы Қызылорда облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы сайтынан хабарлайды, деп жеткізеді ТКШ24.
Фото: Сайт Управления энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Кызылординской области
