17 августа 2026 г.
Астанада тазалық пен қауіпсіздік шаралары бойынша рейд өткізілді
Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық пен қауіпсіздік шаралары бойынша рейд өтті.

Астанада «Заң мен тәртіп» принципі аясында және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде Президент саябағында және жағалауда профилактикалық рейд өтті. Бұл шараның мақсаты — қоғамдық орындарда тазалықты сақтау, азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.
Рейд аудандық әкімдік аппараты, Полиция басқармасы, аудандық прокуратура және Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп өткізілді.
Рейд барысында демалушыларға қоғамдық орындарда тазалық сақтау қажеттілігі, қоқысты арнайы урналарға тастау, тәртіп сақтау және демалыс мәдениетін қалыптастыру жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ рұқсат етілмеген сауданы болдырмау, рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға тыйым салу және судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізілді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су акваторияларында патруль жүргізіп, су қоймаларында қауіпсіздік талаптарын сақтауды бақылады.
Іс-шараға Сарайшык аудандық Полиция басқармасының экологиялық бөлімінің инспекторы Азамат Қалдыбаев түсініктеме берді. «Рейд республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтті. Рейд барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 501-бабының 1-бөлігіне сәйкес инфрақұрылымды ережелерін бұзу фактілері анықталып, тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды», — деп атап өтті ол.
Фото: gov.kz
