19 сентября 2026 г.
Астанада экологиялық науқан аясында жүздеген ағаш отырғызылды
Астанада экологиялық науқан аясында 200 ағаш көшеті отырғызылды. Іс-шараға қала тұрғындары мен кәсіпкерлер белсенді қатысты.

Астанада А. Бүлекпаев көшесінің бойына экологиялық науқан аясында 200 ағаш көшеті отырғызылды. Кәсіпкерлік қауымдастық өкілдерінің, қонақүй қызметкерлері мен бизнес саласының қолдауымен өткізілген шараға қала тұрғындары белсенді қатысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
«Күзгі "Таза Қазақстан" экологиялық айлығы аясында елордамыздың Сарайшық ауданында шамамен 1000 ағаш отырғызу жоспарлануда. Қазіргі уақытта шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен 200 көшет отырғызылды. Жалпы ағымдағы жылы Сарайшық ауданында 5000-нан астам ағаш отырғызу жоспарлануда», — деп мәлімдеді Сарайшық ауданының өкілі Әсемгүл Абсадыққызы.
Читайте также:
Шағын және орта бизнес өкілдері де Астананың абаттандыруына маңызды үлес қосуда.
«Біз елордамыздың күннен-күнге жақсы болуын қалаймыз. Сол себепті бүгінгі сенбілікке өз үлесімізді қосуға келдік. Іске ұйымшылдықпен, тұтас ұжым болып кірістік. Қала тұрғындары осындай іс-шаралардан сырт қалмай, абаттандыруға үлес қосса, елордамыз одан сайын көркейе түсер еді. Сондай-ақ ағаш отырғызу адамның өзіне де қуаныш сыйлайды», — деген ойын бөлісті "Зебра" кофеханасының қызметкері, Максат Қонысбек.
деп хабарлайды «ЖКХ24» Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Фото: gov.kz










