Барлық жаңалықтар

Астанада Республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

Астанада Республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қазақ халқын мерекемен құттықтады.

Астанада Республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

23 қазанда Астанада Ұлттық мереке - Республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті, оған Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қатысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Қазақстанның егемендігі туралы декларациясының тарихи маңызын атап өтіп, осы құжат ел тарихында жаңа дәуір ашқанын және мемлекеттің тәуелсіз дамуының жолын бастағанын айтты.

Ерлан Ақкенженов құттықтау сөзінде қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, бұл мерекенің мемлекеттік құрылымның, тәуелсіздіктің және қазақстандық халықтың бірлігінің символы ретіндегі маңызын атап өтті.

«Биыл біз бұл ерекше күнді Қазақстанның Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында атап өттік. Республика күні мемлекетіміздің бекемдігін, халқымыздың бірлігін және Отанымыздың болашағы үшін ортақ жауапкершілікті білдіреді», — деді министр.

Министр энергетика саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне олардың адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, өндірістік инфрақұрылымды дамытудағы және Қазақстан экономикасын нығайтудағы елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

Ел алдындағы ерекше еңбегі және даму жолындағы елеулі үлесі үшін кейбір қызметкерлер мемлекеттік марапаттармен марапатталды.

Атап айтқанда, "Еңбек Даңқы" III дәрежелі орденімен мұнай-газ саласының ардагері Жетпісбай Дүйсембеков және электрогазодәнекерлеуші, "Интергаз Орталық Азия" АҚ Акбулак сызықтық-өндірістік басқармасының эксплуатациялау желілері қызметінің Құнбұлған Абдуллаев марапатталды.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталғандар:

  • Батырбек Бижанов — "Ақтөбе Мұнайөңдеу" ЖШС директорының орынбасары;
  • Бақыт Тасжанова — Энергетика министрлігінің Бюджет және қаржы процедуралары департаментінің бастығы;
  • Бахберген Майдабеков — "Қазгермұнай" ЖШС Газ дайындау және тасымалдау цехының 6-разрядты компрессорлық қондырғылар машинисті;
  • Гүлмира Нұртаева — "Лукойл Лубрикантс Орталық Азия" ЖШС бас директорының орынбасары;
  • Нұржан Мамытов — "Ancon" ЖШС директорының кеңесшісі;
  • Жандос Хасен — Энергетика министрлігінің Кадр саясаты департаментінің директоры;
  • Ескендір Маханов — "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсыз" АҚ Өндіріс департаментінің Мұнайды дайындау және айдау цехының кенішті пайдалану шебері.

Сондай-ақ, Энергетика министрлігінің ведомстволық марапаттары, "Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін" және "Еңбек ардагері" медальдары, "Салаға қосқан үлесі үшін" медалі, "Мұнай-газ саласының үздігі" төсбелгісі және Энергетика министрінің Құрмет грамоталары табыс етілді.

Салтанатты жиналыс Қазақстанның энергетикалық әлеуетін дамытуға, ел экономикасын нығайтуға және оның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосқан мамандардың еңбегін мойындау ретінде өтті. деп хабарлайды ТКШ24 Энергетика министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Фото: gov.kz