24 қазан 2026
Астанада Республика күніне арналған ауқымды экологиялық акция өтті
Астанада Республика күніне арналған экологиялық акция өтті, 7000 адам қатысты, 370 ағаш отырғызылды.

24 қазанда Астанада «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Республика күніне арналған ауқымды экологиялық акция өтті.
Акцияға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері, коммуналдық және тұрмыстық қауымдастықтар мен ұйымдар, кәсіпкерлер, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты. Барлығы 7 мыңнан астам адам қатысты, 240-қа жуық арнайы техника іске қосылды.
Қаланы көгалдандыру аясында алма ағашы, шетен және қайың сияқты шамамен 370 ағаш отырғызылды. Қатысушылар аумақтарды санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық орындарды көріктендірді.
Сондай-ақ оқыңыз:
Бірлескен күш-жігермен 180 аула ретке келтіріліп, 25 саябақ пен сквер, сондай-ақ 15 мәдениет ескерткіштерінің маңы тазаланды. Жұмыстар бизнес нысандары, қоғамдық тамақтану орындары және басқа да ұйымдар маңайын да қамтыды.
Еске сала кетейік, Республика күніне орай Астанада 120-дан астам мәдени, қоғамдық, спорттық, білім беру және патриоттық іс-шаралар өтеді.
деп хабарлайды ТҮКШ24 Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтын негізге алып.
Фото: gov.kz
23 қазан 2026
Алматыда Шаңырақ-1 ықшамауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында жаңа саябақ ашылды
Алматыда Шаңырақ-1 ықшамауданында жаңа қоғамдық саябақ ашылды, тұрғындардың бастамалары аясында жүзеге асты.

Алматының Шаңырақ-1 ықшамауданында Ақын Сара көшесінде жаңа қоғамдық демалыс орны құрылды.
Бұл жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды, ол арқылы қала тұрғындары өз ықшамаудандарының абаттандыруына қатысты бастамаларын ұсына алады.
Саябақ аумағында жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынып, демалуға арналған орындықтар мен жарықтандыру бағаналары орнатылды, сондай-ақ көгал жайғастырылды. Енді ықшамаудан тұрғындарына серуендеп, отбасымен уақыт өткізіп немесе таза ауада тынығуға тағы бір ыңғайлы орын пайда болды.
Сондай-ақ оқыңыз:
Естеріңізге сала кетейік, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдау 1 қарашаға дейін жалғасады. Тұрғындар аулалар мен қоғамдық орындарды абаттандыру бойынша өз жобаларын ұсынып, өз аудандарының дамуына үлес қоса алады.
деп хабарлайды ТКШ24 Алматы қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Фото: gov.kz