Барлық жаңалықтар

Энергетика министрлігінде ENERFORT 2026 кибержаттығуларының қорытындылары шығарылды

Энергетика министрлігінде ENERFORT 2026 кибержаттығуларының қорытындылары шығарылды, 120-дан астам маман заманауи киберқауіптермен күресу дағдыларын жетілдірді.

Энергетика министрлігінде ENERFORT 2026 кибержаттығуларының қорытындылары шығарылды

Энергетика министрлігінде отын-энергетикалық кешенінің технологиялық жүйелерін қорғау бойынша ENERFORT 2026 алғашқы салалық кибержаттығуларының қорытындылары шығарылды.

Екі күннің ішінде ТЭК кәсіпорындарының 120-дан астам мамандары заманауи киберқауіптерге қарсы тұру дағдыларын жетілдірді. Жаттығулардың нәтижелері бойынша 1, 2 және 3 орын алған командалар дипломдармен марапатталды.

«Энергетика министрлігі үшін ENERFORT — мамандардың құзыреттерін бағалау, олардың оқытуын жақсарту және ТЭК объектілерінің кибертұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстың бастауы. Жаттығулардың нәтижелері энергетикалық инфрақұрылымның қорғанысын арттыру және салалық бірегей тәсілдерді қалыптастыруға негіз болу керек», — деп атап өтті энергетика вице-министрі Бақытжан Ильяс, — делінген хабарламада.

деп хабарлайды ТКШ24 Энергетика министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Фото: gov.kz

Қызылордада жылу маусымына дайындық барысы талқыланды

Қызылордада жылу маусымына дайындық мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте жауапты жұмыстар жөнінде баяндалды.

Қызылордада жылу маусымына дайындық барысы талқыланды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте өңірдегі қоғамдық-саяси жағдай мен алдағы жылу маусымына дайындық мәселелері қаралды. Іс-шараға қалалар мен аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысты.

Жауапты маусымға дайындық бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асуда.

Осы мақсаттарға 7,8 млрд теңге бөлінген.

Аталған қаржыларға 8,7 км жылу желілерінің модернизация жобасы аяқталып, газтурбиналық қондырғылар № 1 және 2, ұзындығы 1,3 км жылу желілері, 1 котел, 1 турбина және 10 автономды котел, негізгі және қосымша қондырғылар жөнделеді.

Бүгінгі күні жоспарланған жұмыс көлемінің 68%-ы орындалды.

Мемлекет басшысының қолдауы арқасында Түрік компаниясы «Акса Энерджи» Қызылордада 240 МВт электр энергиясы және 277 Гкал жылу энергиясы қуаты бар жылуэлектр орталығын салды.

Жоба бойынша қуаты 176 МВт 2 газтурбиналық қондырғы, 95 МВт паро турбина, қуаты 120 тн/сағат 2 паровой котел және қуаты 150 Гкал/сағат 4 жылу котелдері орнатылған.

Бүгінгі күні 240 мегаватт электр энергиясын өндіретін жылу станциясы толық іске қосылды. 150 МВт қуаттағы 4 ыстық су дайындайтын котел жұмыс істеп тұр. Алдағы жылу маусымында Қызылорда тұрғындары жаңа станция арқылы жылумен қамтамасыз етіледі.

ЖКХ24 Қызылорда облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Фото: gov.kz