Барлық жаңалықтар

Алматы қаласының Медеу ауданында абаттандыру және суару жобалары аяқталды

Алматы қаласының Медеу ауданында қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және суару жобалары сәтті аяқталды.

Алматы қаласының Медеу ауданында абаттандыру және суару жобалары аяқталды

Алматы қаласының Медеу ауданында қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша екі жоба жүзеге асырылды.

«Халықтың қатысу бюджеті» бағдарламасы аясында «Халық Арена» спорт кешені аумағында автоматты суару жүйесі орнатылды. Жоба шеңберінде 4 мың метрлік автосуару жүйесі және 2,5 мың метрлік желі тартылды.

Жаңа жүйе жасыл желектерді тұрақты суаруды қамтамасыз етіп, су ресурстарын тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді.

Тағы бір жоба Оспанов көшесінде жүзеге асырылып, жаяу жүргінші аймағын абаттандыру аяқталды. Мұнда 150 шаршы метр асфальт-бетон жабыны мен 480 шаршы метр тас плитка төселініп, 1 650 шаршы метр аумақ көгалдандырылды, сыртқы жарықтандыру тіректері орнатылды.

Бұл жұмыстар Медеу ауданының жаяу жүргінші инфрақұрылымы мен қоғамдық кеңістіктердің жайлылығын арттыруға бағытталған.

деп хабарлайды Алматы қаласының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сайтына сілтеме жасап ТКШ24.

Фото: gov.kz

Алматыда Арықова көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі: жылу жүйесін жаңарту жұмыстары басталады

Алматыда Арықова көшесінде жылу жүйесін жаңарту жұмыстары басталады, қозғалыс 5 қыркүйектен 10 қазанға дейін тоқтатылады.

Алматыда Арықова көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі: жылу жүйесін жаңарту жұмыстары басталады

Алматыда 2026 жылдың 5 қыркүйегінен 10 қазанына дейін Арықова көшесінде Жетісу көшесінен бастап Жангелдин көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толықтай тоқтатылады. Бұл шектеулер жылу жүйесін жаңарту жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр, деп хабарлайды қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы.

Бұдан бөлек, 12 қыркүйектен 25 қыркүйекке дейін Арықова мен Жангелдин көшелерінің қиылысында уақытша қозғалыс шектеулері енгізіледі. Сонымен қатар Жангелдин көшесі толықтай жабылмайды: шектеулер тек Арықова көшесімен қиылысқан учаскеге қатысты болады.

Жұмыс жүргізу кезінде айналма жол Райымбек даңғылы және Макатаев көшесі арқылы ұйымдастырылады. Жақын маңдағы көшелерде қозғалыс бекітілген жол қозғалысы сызбасына сай жүзеге асырылады.

Аталған аумақта уақытша жол белгілері, қоршаулар мен көрсеткіштер орнатылады. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мердігер ұйымға міндеттер жүктелді.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан алдын ала маршруттарды жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеріп, жол белгілерінің талаптарын сақтау сұралады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністіктеріңіз үшін алғыс айтамыз. Бұл туралы Алматы қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының сайтына сілтеме жасай отырып, ТКШ24 хабарлайды.

Фото: gov.kz