21 қазан 2026
Жетісу облысы Кербұлақ ауданында тағы 6 ауылды газдандыру үшін құжаттар дайындалды
Жетісу облысы Кербұлақ ауданында 6 ауылды газдандыру үшін құжаттар дайындалды. Тұрғындарға газ жеткізу жұмыстары жандандырылады.

Жетісу облысы Кербұлақ ауданында тұрғындардың сұрауы бойынша тағы 6 ауылды газдандыруға арналған құжаттар дайындалды. Газбен қамтамасыз ету газдандыруды қажет ететін барлық 26 елді мекенде толықтай жүзеге асырылады. 80 шақырым қашықтықта орналасқан Сарыөзек ауылынан Коғалы ауылына дейін газ магистралі салынды, және 21 ауылға газ жеткізілді. Алайда бүгінде газға қосылған тұрғындардың үлесі төмен болып отыр.
Халықпен кездесуде аймақ басшысы Бейбіт Исабаев аудан әкіміне газға абоненттерді қосуды жеделдетуді тапсырды.
"Тұрғын үйлерді табиғи газға қосудың қажетті техникалық құжаттамасын рәсімдеуді, газға қосылу жұмыстарын жандандыруды және әлеуметтік нысандарды газбен қамтамасыз етуді күшейтуді тапсырамын. Сонымен қатар аудан тұрғындарының өтініші бойынша аймақтың газдандыру схемасына кірмей қалған 6 елді мекенді газдандыру үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Олар: Сарыбастау, Қарашоқы, Арқарлы, Самен, Шілісу, Малайсары ауылдары. Келесі жылы құрылыс жұмыстарын бастау үшін тиісті ұсыныс республикалық бюджетке жіберілді. Нәтижесінде, 2028 жылы аудандағы 32 елді мекен табиғи газға қол жеткізеді, яғни 31 мың тұрғын", - деп атап өтті Б. Исабаев.
Сондай-ақ оқыңыз:
Сонымен қатар, болашақта облыста газ тапшылығын болдырмау мақсатында Алматы облысы Казбек станциясынан Сарыөзекке дейін магистральдық газ құбырының екінші жіп (лупинг) құрылысын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттама жасалған.
"Биыл үйге газ кіргізілді. Бұрын көмір, отын дайындап, күл шығаратынбыз. Бұл еңбек еді. Енді кез келген уақытта қосасың, ыстық болса, сөндіресің. Үй әрдайым жылы әрі таза. Ауылдастарыма газға қосылуға кеңес беремін, ол үйге тек жылу ғана емес, жайлылық пен қолайлық та әкеледі", - деп бөлісті Сарыөзек ауылының тұрғыны Айман Ысқаққызы.
Жетісу облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап, коммуналдық қызметтер жөнідегі ақпарат беруші "ТКШ24" хабарлайды.
Фото: gov.kz