Все новости

Қазақстанда 2026 жылға жоспарланған 10 ЖЭК жобасының 7-еуі іске қосылды

Қазақстанда 2026 жылға жоспарланған 10 ЖЭК жобасының 7-еуі іске қосылды, жалпы қуаттылығы 212 МВт.

Қазақстанда 2026 жылға жоспарланған 10 ЖЭК жобасының 7-еуі іске қосылды

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

2026 жылы елімізде жалпы орнатылған қуаттылығы 245 МВт болатын 10 жаңартылатын энергия көзін іске қосу жоспарланған. Қазіргі уақытта 212 МВт жалпы қуаттылығымен 7 нысан пайдалануға берілді.

Пайдалануға берілген нысандар қатарында:

  • Қостанай облысындағы «Aspan Energo» ЖШС жел электр станциясы 50 МВт;
  • Маңғыстау облысындағы «Stellar Energy» ЖШС күн электр станциясы 20 МВт;
  • Қостанай облысындағы «Altyn Solar Energy» ЖШС күн электр станциясы 22,6 МВт;
  • Жетісу облысындағы «Jetisu Terra Power» ЖШС күн электр станциясы 20 МВт;
  • Қарағанды облысындағы «Гиперборея» ЖШС үш жел электр станциясы 100 МВт жалпы қуаттылығымен.

Жыл соңына дейін тағы 3 жобаның құрылысын аяқтау және іске қосу жоспарланған:

  • Қызылорда облысындағы 30 МВт қуаттылығымен «Альхена» ЖШС екі күн электр станциясы;
  • Түркістан облысындағы «Тауэнерго» ЖШС кіші гидроэлектр станциясы 3,2 МВт.

ЖЭК жобаларын іске асыру елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және Қазақстанның энергетикалық теңгерімінде экологиялық таза генерацияның үлесін арттыруға ықпал етеді.

деп хабарлайды ТҮКШ24 Энергетика министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Фото: gov.kz

Последнее