Все новости
Заңдар мен билік

15 июля 2026 г.

Қазақстанда «Табиғи монополиялар туралы» Заңға өзгерістер күшіне енді

Қазақстанда табиғи монополиялардың Заңына өзгерістер күшіне енді, техникалық шарттарды электронды форматта тапсыруға көшу жүзеге асырылды.

Қазақстанда «Табиғи монополиялар туралы» Заңға өзгерістер күшіне енді

2026 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстанда табиғи монополиялар туралы ҚР Заңына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Негізгі жаңалықтардың бірі - техникалық шарттарды алу үшін өтініштерді толығымен электронды форматта тапсыруға көшу болды. Өзгерістер сонымен қатар табиғи монополия субъектілерінің қызметінің ашықтығын арттыруға, цифрландыруды дамытуға және мемлекеттік бақылауды жетілдіруге бағытталған.

Өзгерістерге сәйкес, өкілетті органның өтініштерді қарау және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде қажетті ақпаратты сұрау және алу өкілеттілігі кеңейтілді. Бұл табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Өзгерістердің негізгі бағыттарының бірі - инженерлік желілерге қосылу үшін техникалық шарттарды беру үрдісін цифрландыру болды. Енді өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе заңнамада көзделген жағдайларда мемлекеттік қала құрылысы кадастарының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы тек электронды форматта ғана тапсыруға болады. Табиғи монополия субъектінің канцеляриясы арқылы өтініш тапсыру мүмкіндігі алынып тасталды.

Сонымен қатар, табиғи монополия субъектілері талап етілетін ақпаратты мемлекеттік қала құрылысы кадастарының автоматтандырылған цифрлық жүйесіне орналастыруға міндеттелді, сондай-ақ заңнамада көзделген мәліметтерді орналастыру және жаңарту тұрақты түрде қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл инженерлік инфрақұрылымға қосылу үрдісін тұтынушылар үшін ашық, ыңғайлы және түсінікті етеді.

Қабылданған өзгерістер - табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы жетілдіру және табиғи монополия субъектілері, мемлекет және тұтынушылар арасындағы заманауи цифрлық байланыс механизмдерін дамыту бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

деп хабарлайды ТКШ24 ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Фото: суретті жасанды интеллект жасаған

Последнее