Все новости

Астанада Тлепндиев даңғылында жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Астанада Тлендиев даңғылында жөндеу жұмыстары жүргізілуде, автокөлік қозғалысына шектеулер енгізілді.

Астанада Тлепндиев даңғылында жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Астанада Тлендиев даңғылы бойында «Тлендиев даңғылы мен Бейсекова көшесінің қиылысындағы көлік айырығын салу» жобасы аясында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін аталған учаскеде автокөлік қозғалысы ішінара шектелетін болады.

Бұл ретте көліктердің екі бағытта бір жақты қозғалысы ұйымдастырылған.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер өз маршруттарын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескерулері қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ыңғайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылған.

деп хабарлайды ТҮКШ24 Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасай отырып.

Фото: gov.kz

Последнее