24 қыркүйек 2026
Астанада "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау есептік-қаржылық орталығы" ЖШС өтініміне қоғамдық тыңдау өтеді
Астанада 9 қазанда «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау есептік-қаржылық орталығы» тыңдау өткізіледі.

Астанада 2026 жылғы 9 қазанда сағат 11:00-де «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау есептік-қаржылық орталығы» ЖШС-нің электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қызметтері бойынша бағаны арттыру, сондай-ақ электр қуатын дайындығын қамтамасыз ету қызметтерінің шекті бағадан асуы жөніндегі хабарламасын қарастыратын қоғамдық тыңдау өтеді.
Тыңдау мекенжайы: Астана, Тәуелсіздік даңғылы 59, "KEGOC" АҚ ғимараты, 1-қабат.
Барлық мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында тыңдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ресми Facebook парақшасында трансляцияланады.
Сондай-ақ оқыңыз:
Қоғамдық талқылауға ҚР Құрылтайының депутаттары, мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, мемлекеттік органдар, табиғи монополия субъектілері, БАҚ, қоғамдық бірлестіктер, тәуелсіз сарапшылар және тұтынушылар шақырылған.
"Жаңартылатын энергия көздерін қолдау есептік-қаржылық орталығы" ЖШС туралы қосымша ақпарат monopolist.kz сайтында қол жетімді.
Байланыс телефондар:
- Комитет: +7(7172)74-22-96, www.gov.kz/memleket/entities/krem
- ЖШС: +7 (777) 533-49-05, www.rfc.kz.
деп хабарлайды ТКШ24 ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің сайтына сілтеме жасап.
Фото: gov.kz