22 мая 2026 г.
Астанада инфрақұрылымды жаңғырту мен тариф белгілеу мәселелері талқыланды
Астанада инфрақұрылымды жаңғырту мен тариф белгілеу мәселелері талқыланды, семинар барысында жергіліктендіру мәселелері қаралды.

Бүгін Астанада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» (МЭКС) Ұлттық жобасы аясында өндірісті жергіліктендіру мәселесі бойынша семинар-кеңес өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, табиғи монополия субъектілері, отандық тауар өндірушілер, сондай-ақ салалық сарапшылар мен бизнес өкілдері қатысты.
Семинар барысында өндірістерді жергіліктендіру, қазақстандық өндірушілердің МЭКС жобаларына қатысуы, стандарттау, кәсіпорындар арасындағы кооперация, тариф қалыптастыру және отандық өнімді жобалық-сметалық құжаттамаға енгізу мәселелері талқыланды.
Іс-шараны ашу кезінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев, жыл басынан бастап «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы белсенді іске асырылу фазасына кіргенін атап өтті.
«Бүгінгі таңда Электронды платформада 515 жоба 1,4 триллион теңге сомасына жиналған. Мамыр айына қарай олардың жартысына жуығы, дәлірек 225 жоба 450 миллиард теңгеден астам сомаға «іске асыруға дайын» мәртебесіне ие», - деді төраға.
Төрағаның айтуынша, Ұлттық жобаның жүзеге асырылуы отандық өндірушілер үшін айтарлықтай мүмкіндіктер ашады, себебі мемлекет оларды құрылыс материалдарымен, кабельдермен, құбырлармен және жабдықтармен қамтамасыз етуде кепілдік беретін, ұзақ мерзімді және ауқымды сұраныспен қамтамасыз етеді.
Читайте также:
Бұл жерде мемлекет кепілдендірген көлемдер бағаның негізсіз көтерілуіне әкеп соқтыруы тиіс емес. > «Материалдардың кез келген негізсіз қымбаттауы тікелей түпкілікті тұтынушының қалтасына әсер етеді, халық үшін тарифтерге қосылады және қоғамда әлеуметтік шиеленіс тудырады. Бұл қабылданбастай нәрсе», - деп атап өтті ол.
Семинарда сондай-ақ қазақстандық өндірушілердің өнімдерінің көрме аймағы және МЭКС жобалары бойынша тікелей келіссөздер, консультациялар мен өтінімдерді талқылауға арналған B2B алаңы жұмыс жасады. Іс-шара бағдарламасына өндірісті жергіліктендіру, жаңа технологияларды енгізу, тарифтік саясат, стандарттау, сондай-ақ отандық кәсіпорындар арасындағы кооперацияны кеңейту мәселелеріне арналған пікірталас блоктары енгізілді.
деп хабарлады ЖКХ24 Астана қаласының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының сайтына сілтеме жасап.
Фото: gov.kz











