7 қыркүйек 2026
Алматыда Төле би көшесінің бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі
Алматыда 7 қыркүйек күні Төле би көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі, жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Алматыда 7 қыркүйек сағат 23:00-ден бастап 8 қыркүйек сағат 14:00-ге дейін ЖРТ жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің Байтурсынов көшесінен бастап Досмұхамедов көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі.
Жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта ескерту белгілері қойылады. Өз бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.
Сондай-ақ оқыңыз:
Қозғалыс шектеулеріне қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карты» сервистерінде орналастырылған.
деп хабарлайды ТҮКШ24 Алматы қаласы Әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Фото: gov.kz
7 қыркүйек 2026
Алматыда «Алматыгенплан» тұрғындардың өтініштерін қабылдау үшін байланыс орталығын іске қосты
Алматыда «Алматыгенплан» тұрғындармен байланыс орталығын ашты, тұрғындарға Бас жоспар туралы ақпарат беріледі.

Алматы қаласының Бас жоспары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру және тұрғындармен тікелей байланыс орнату мақсатында «Алматыгенплан» байланыс орталығын іске қосты. Жаңа байланыс форматының басты міндеті – қала дамуы және Бас жоспардың ережелері туралы тұрғындарға түсінікті және сенімді ақпарат беру.
Тұрғындар байланыс орталығына жүгініп, Бас жоспар туралы сұрақтарын қоя алады, нақты аумақтар бойынша ақпаратты нақтылай алады, сондай-ақ жылжымайтын мүлік пен жер учаскелеріне қатысты құжаттар бойынша туындаған сұрақтарға түсінік алады.
«Біз түсінеміз, Бас жоспар – бұл бүкіл қаланың дамуына әсер ететін кешенді қала құрылысы құжаты. Тұрғындармен кездесулерден кейін, көптеген алаңдаушылықтар Алматының дамуына қарсы болғандықтан емес, Бас жоспардың нақты нені көздейтіндігі туралы түсінікті және сенімді ақпараттың жетіспегендігінен туындағанын байқадық», – деп атап өтті «Алматыгенплан» бас директоры Асхат Сәдуов.
Сондай-ақ оқыңыз:
Асхат Сәдуов әлеуметтік желілерде Бас жоспар туралы көптеген жалған ақпараттар бар екенін, бұл тұрғындар арасында қосымша алаңдаушылық тудыратынын да қосты.
«Әрбір адам ресми дереккөзден ақпарат ала алатын тікелей және қолжетімді байланыс арнасын құру маңызды деп санаймыз. Біздің міндетіміз – тұрғындарға жағдайды түсінуге көмектесу», – деп ол атап өтті.
Байланыс орталығының жұмысына параллель тұрғындармен түсіндірме кездесулер, жеке кеңестер және халықтың Бас жоспар туралы ақпараттануын арттыруға бағытталған басқа да іс-шаралар өткізілетін болады.
Фото: gov.kz