31 июля 2026 г.
Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Манас көшесінің бөлігін уақытша жабады
Алматыда Манас көшесінде жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қозғалыс шектеледі.

Алматыда Манас көшесінің учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты уақытша қозғалыс шектеулері енгізіледі.
31 шілде 19:00-ден 4 тамыз 08:00-ге дейін Абай даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс толығымен жабылады.
Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері және мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараттары бар стендтер қойылады. Өтінеміз, өз бағытыңызды алдын ала жоспарлаңыз.
Айта кетейік, қозғалыстың шектелуі туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдік әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карты» сервистерінде орналастырылған.
деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасаған ТҮКШ24.
Фото: gov.kz
