Все новости
Заңдар мен билік

19 августа 2026 г.

Алматыда сайлау күні қимыл-қозғалысы шектеулі адамдарға көлік қызметтері қол жетімді болады

Алматыда 23 тамызда сайлау күні мүмкіндігі шектеулі адамдарға көлік қызметтері ұсынылады.

Алматыда сайлау күні қимыл-қозғалысы шектеулі адамдарға көлік қызметтері қол жетімді болады

Алматыда 23 тамыз күні Құрылтай депутаттарын сайлау барысында мүмкіндігі шектеулі адамдар мен қимыл-қозғалысы шектеулі азаматтарға көлік қолдауы қамтамасыз етіледі.

Жүруі қиын азаматтар үшін Алматы қаласының әкімдігі «Инватакси» қызметін ұсынады. Бұл қызметті кресло-арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі адамдар, сондай-ақ көру қабілеті төмен мүмкіндігі шектеулі жандар пайдалана алады.

Сайлау күні «Инватакси» қызметіне 170 автомобиль қатысады, оның ішінде 36 арнайы жабдықталған автомобиль және 134 жеңіл көлік қызмет көрсетеді.

«Инватакси» қызметін алдын ала тапсырыс беру үшін келесі диспетчерлік қызметтерге жүгіну қажет:

Кресло-арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін:

  • + 7 747 195 35 75;
  • + 7 707 710 60 50 (WhatsApp);
  • + 7 747 402 64 15 (WhatsApp).

Көру қабілеті төмен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін:

  • + 7 727 338 32 78;
  • + 7 700 521 26 33;
  • + 7 777 611 13 57 (WhatsApp).

Сонымен қатар, 23 тамыз күніне арнайы 20 кезекші автокөлік ұйымдастырылады. Кезекші автокөлікті шақыру үшін телефондары: 8 700 151 07 01, 338-30-09.

деп хабарлайды ТКШ24 Алматы қаласының Әлеуметтік қорғау және еңбекпен қамту басқармасы сайтына сілтеме жасап.

Фото: gov.kz

Последнее