Барлық жаңалықтар

Алматыда 2040 жылға дейінгі Бас жоспарды жаңарту барысында тұрғындардың ұсыныстары ескерілді

Алматыда 2040 жылға дейінгі Бас жоспарды жаңарту барысында тұрғындардың ұсыныстары ескерілді.

Алматыда 2040 жылға дейінгі Бас жоспарды жаңарту барысында тұрғындардың ұсыныстары ескерілді

Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала әкімінің орынбасары Бейбұт Шаханов 2040 жылға дейінгі Бас жоспарды түзетудің маңызды тұстарын таныстырып, оның кешенді қала құрылысы сараптамасынан сәтті өткендігін айтты.

Ол Бас жоспарды түзету жұмысында қаланың тұрғындарымен бірлесе әрекет етудің маңызды екенін атап өтті. Бейбұт Шахановтың айтуынша, қоғамдық талқылаулар барысында түскен ұсыныстар мен өтініштер заңнамалық және қала құрылысы шектеулерін ескере отырып, жобалық шешімдерге енгізілді. Стратегиялық экологиялық бағалау мен Бас жоспардың жүзеге асырылуына қоғамдық бақылауға ерекше назар аударылды.

«Бас жоспардың одан арғы жүзеге асырылуының маңызы ерекше. Құжаттың бекітілуі қаланың одан арғы дамуының негізі болып табылады, бірақ негізгі кезең ол құжатта қарастырылған шешімдерді бірізділікпен орындау болып табылады. Осы орайда Бас жоспардың жүзеге асуын, құрылыс параметрлерін сақтауын, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның уақытылы дамуын, сондай-ақ жасыл және табиғи аумақтардың сақталуын үнемі қадағалау қажет. Халықпен кері байланыс және негізгі жобалардың жүзеге асырылуы туралы тұрғындарды ақпараттандыру маңызды құрамдас бөлігі болып қала береді. Бұл қала құрылысы шешімдерінің айқындылығын арттырып, демографиялық, көлік, экологиялық және әлеуметтік жағдайлардың өзгерістерін уақытында ескеруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Бейбұт Шаханов.

Оның айтуынша, жаңартылған құжат өзекті деректерге негізделіп, қаланың экологиялық, сейсмикалық, көлік, әлеуметтік және инфрақұрылымдық шектеулерін ескере отырып, теңгерімді дамуға бағытталған.

«Алматының табиғи әлеуетін сақтап, ыңғайлы қалалық ортаны қамтамасыз ету, көлік байланыстылығын арттыру, халықтың өсуіне қажетті жағдайлар жасау және сонымен қатар қаланың тарихи сәйкестілігін сақтау міндеті тұр», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

деп хабарлады Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 24 Алматы қаласы әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Фото: gov.kz