29 қыркүйек 2026
Алматыда жылу жүйесінің нысандарының жылыту маусымына дайындығы тексерілді
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жылу жүйесінің нысандарының дайындығын тексерді. Нысандарда реконструкция жұмыстары жүргізілуде.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында қаладағы негізгі жылу жүйесі нысандарының жағдайымен танысты. Объезд барысында Оңтүстік аудандық қазандық, «Орбита» қазандық және Әуезов ауданындағы жылу жүйелерін реконструкциялау учаскесі қаралды.
Бірінші нысан Ходжанов көшесіндегі Оңтүстік аудандық қазандық болды. Ол 1553 нысанды, оның ішінде 356 көпқабатты үй мен 16 білім беру нысандарын жылумен қамтамасыз етеді. Реконструкция аясында мұнда үш қазан ауыстырылды, тағы бір қазан жаңғыртылды, сондай-ақ көмекші жабдықтар жаңартылды. Жобаның жүзеге асуы қазандықтың қуаттылығын 55 Гкал/сағ-қа арттырып, шамамен 200 мың тұтынушыға жылу жүйесінің сенімділігін жоғарылатуды қамтамасыз етеді.
Содан кейін Дархан Сатыбалды «Орбита» аудандық қазандығына барды. Нысан 1973 жылдан бері жұмыс істейді. Қазандыққа 1312 нысан, оның ішінде 925 көпқабатты үй, 39 білім беру нысаны және 17 денсаулық сақтау нысаны қосылған. 2026 жылы мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Басты мақсат - тұрғындарды ең жоғары жүктемелер кезеңінде тұрақты жылумен қамтамасыз ету. Тозығы жеткен нысандарды біртіндеп жаңғыртып, барлық жұмыстарды сапалы және белгіленген мерзімде орындау қажет», - деп атап өтті Дархан Сатыбалды.
Сондай-ақ оқыңыз:
Сапардың соңғы нүктесі Саин - Момышұлы - Ұлықбек - Абай көшелері квадратындағы жылу жүйелерін жаңарту учаскесі болды. Жылу трассасы 1988 жылдан бері пайдаланылып келеді және нормативті мерзімі аяқталған. Соңғы үш жылда мұнда 10 зақымдану тіркелген. Қазіргі уақытта нысанның дайындығы 80%, биыл 120 метр жылу жүйесі ауыстырылды. Реконструкция аяқталғаннан кейін 45 көпқабатты үйді, 15 басқа нысанды және бір балабақшаны жылумен қамтамасыз ету сенімділігі жақсарады.
Объектіде тұрғындармен кездесу өтті. Қала тұрғындары қалалық инфрақұрылымға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарын айтты. Кездесу нәтижесінде тиісті қызметтерге сәйкес тапсырмалар берілді.
Жалпы, 2026 жылы Алматыда 20,1 км жылу жүйесі қайта жаңғыртылады және жөнделеді, қазір 15,8 км орындалды.
Жаңалықты Алматы қалалық әкімдігінің сайтына сілтеме жасай отырып, ТКШ24 хабарлайды.
Фото: gov.kz