18 қыркүйек 2026
Алматыда ЛРТ желісінің рельстері төселуде
Алматыда Бауыржан Момышұлы көшесінде жеңіл рельісті көлік желісінің рельстері төселуде.

Алматыда Бауыржан Момышұлы көшесінде жеңіл рельсті көлік (ЛРТ) бірінші желісінің құрылысында жаңа кезең басталды — темірбетон шпалдары мен рельстер төселуде. Жұмыстар трассаның дайын бөлігінде керекті жер қазу мен инженерлік коммуникацияларды ауыстыру жұмыстарын аяқтағаннан кейін атқарылуда.
Бауыржан Момышұлы көшесіндегі учаскенің ұзындығы 4,4 км құрайды. Қосжолды желі төсеу аясында 14 784 темірбетон шпал мен 1 408 рельс жіптері төсеуді көздейді.
Бірінші кезектегі басқа учаскелерде, оның ішінде Төле би көшесінде де жұмыстар қатар жүргізілуде. Трассаның өту аймағындағы инженерлік желілер технологиялық процесс ескеріліп кезең-кезеңімен ауыстырылуда.
Сондай-ақ оқыңыз:
Естеріңізге сала кетейік, ЛРТ бірінші желісінің бірінші кезегі Алатау ауданының индустриалдық аймағындағы деподан Бауыржан Момышұлы көшесі, одан әрі Төле би көшесі және Абылай хан даңғылы арқылы «Алматы-2» теміржол вокзалына дейін өтеді. Бірінші кезектің соңғы нүктесі «Райымбек батыр» көлік-тасымалдау торабы ретінде қарастырылған.
Құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген технологиялық шешімдерге сәйкес жалғасуда. ЛРТ бірінші желісінің іске қосылуы 2027 жылдың соңына жоспарланған. Бұл туралы қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы 24 хабарлайды.
Фото: gov.kz
18 қыркүйек 2026
Азаматтарға тұрғын үй қолдау мәселелері Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде талқыланды
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланған жұмыс кездесуі өтті. Вице-министр Қуанышбек Қажкенов RUKHTYLAR және "Мұңсыз жетім" қоғамдық қорларының өкілдерімен кездесті.
Кездесуде тұрғын үймен қамтамасыз етудің, оның ішінде қолданыстағы бөлу механизмдері, сондай-ақ азаматтарға қойылатын критерийлер мен талаптар мәселелері қаралды.
Мемлекеттік тұрғын үй қолдау шараларын жетілдіруге, олардың қолжетімділігін және мақсаттылығын арттыруға ерекше назар аударылды. Қоғамдық қорлардың өкілдері өз ұсыныстарымен бөлісіп, азаматтардың практикада кездесетін өзекті мәселелерін атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыз:
Келіп түскен идеялар мен айтылған мәселелер қолданыстағы заңнамалар аясында зерттеліп, қаралатын болады, бұл елдегі тұрғын үй қолдау жүйесін жетілдіру үшін маңызды.
деп хабарлайды ТҮКШ24 Қазақстан Республикасы ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің сайтына сілтеме жасап.
Фото: gov.kz