19 тамыз 2026
Алматыда Жандосов көшесінде уақытша қозғалыс шектеледі
Алматыда Жандосов көшесінде жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс 19-23 тамыз аралығында шектеледі.

Алматыда Жандосов көшесінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қозғалыс шектеледі.
19 тамыз сағат 23:00-ден 23 тамыз сағат 23:00-ге дейін қала шекарасынан Даулеткерей көшесіне дейінгі учаскеде кері қозғалыс енгізіледі. Жолды толық жабу қарастырылмаған.
Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, жылдамдық режимін сақтауды және уақытша жол белгілерінің талаптарын орындауды сұрайды.
Сондай-ақ оқыңыз:
Ремонт жұмыстарының мерзімдері ауа райы мен өндірістік қажеттіліктерге байланысты өзгертілуі мүмкін.
Қозғалыс шектеулері туралы барлық ақпарат Telegram-каналда @AlmatyJoly, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сонымен қатар 2GIS және «Яндекс карты» сервистерінде орналастырылған.
деп хабарлады ТҮКШ24 Алматы қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Фото: gov.kz
19 тамыз 2026
Алматыда сайлау күні қимыл-қозғалысы шектеулі адамдарға көлік қызметтері қол жетімді болады
Алматыда 23 тамызда сайлау күні мүмкіндігі шектеулі адамдарға көлік қызметтері ұсынылады.

Алматыда 23 тамыз күні Құрылтай депутаттарын сайлау барысында мүмкіндігі шектеулі адамдар мен қимыл-қозғалысы шектеулі азаматтарға көлік қолдауы қамтамасыз етіледі.
Жүруі қиын азаматтар үшін Алматы қаласының әкімдігі «Инватакси» қызметін ұсынады. Бұл қызметті кресло-арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі адамдар, сондай-ақ көру қабілеті төмен мүмкіндігі шектеулі жандар пайдалана алады.
Сайлау күні «Инватакси» қызметіне 170 автомобиль қатысады, оның ішінде 36 арнайы жабдықталған автомобиль және 134 жеңіл көлік қызмет көрсетеді.
«Инватакси» қызметін алдын ала тапсырыс беру үшін келесі диспетчерлік қызметтерге жүгіну қажет:
Сондай-ақ оқыңыз:
Кресло-арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін:
- + 7 747 195 35 75;
- + 7 707 710 60 50 (WhatsApp);
- + 7 747 402 64 15 (WhatsApp).
Көру қабілеті төмен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін:
- + 7 727 338 32 78;
- + 7 700 521 26 33;
- + 7 777 611 13 57 (WhatsApp).
Сонымен қатар, 23 тамыз күніне арнайы 20 кезекші автокөлік ұйымдастырылады. Кезекші автокөлікті шақыру үшін телефондары: 8 700 151 07 01, 338-30-09.
деп хабарлайды ТКШ24 Алматы қаласының Әлеуметтік қорғау және еңбекпен қамту басқармасы сайтына сілтеме жасап.
Фото: gov.kz
