Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында Конституциялық реформа мәселелері бойынша актив мәжілісі өтті

Ақтөбе облысында Конституциялық реформа мәселелері бойынша актив мәжілісі өтті, қатысушылар жаңа Конституция жобасының маңыздылығын талқылады.

Ақтөбе облысында Конституциялық реформа мәселелері бойынша актив мәжілісі өтті

Ақтөбе облысы әкімдігінде Конституциялық реформа мәселелері талқыланған актив мәжілісі өтті.

Іс-шараға облыс әкімі Асхат Шахаров, Ақтөбе облыстық мәслихатының төрайымы Гүлқасима Суентаева, облыс әкімінің орынбасарлары, қала әкімі Азамат Бекет, сондай-ақ облыстық басқармалар мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Мәжілісті ашқан Асхат Шахаров, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған конституциялық реформа елдің саяси жаңғыруындағы маңызды кезең екенін атап өтті. Ол жаңа Конституция жобасының қоғам сұраныстарын ескере отырып әзірленіп жатқанын және алдағы жалпыұлттық референдум әрбір азаматқа саналы түрде шешім қабылдауға мүмкіндік беретінін баса айтты.

Гүлқасима Суентаева Конституциялық комиссияның жұмысы және жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері туралы баяндама жасады. Ол комиссия құрамымен және қызметімен таныстырып, оның жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің төрағалары және азаматтық сектор өкілдері тартылғанын атап өтті. Жалпы, азаматтардан екі мыңнан астам ұсыныс қаралғанын жеткізді.

Ол Конституциялық комиссия жұмысының ашық түрде жүргізілгенін, ал жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі түпкілікті шешімді Қазақстан халқы жалпыұлттық референдумда қабылдайтынын атап өтті.

Мәжіліс қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасының мазмұнын және маңыздылығын халыққа түсіндіруде барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

деп хабарлайды ТҮКШ24 Ақтөбе облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының Сайтына сілтеме жасап.

Фото: gov.kz