Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында инженерлік желілерді жаңғыртуға 30,2 млрд теңге бағытталды

Ақтөбе облысында инженерлік желілерді жаңғыртуға 30,2 млрд теңге жұмсалуда. 20 жоба жүзеге асырылатын болады.

Ақтөбе облысында инженерлік желілерді жаңғыртуға 30,2 млрд теңге бағытталды

Ақтөбе облысында инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Биыл энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымдарды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жоба аясында жалпы құны 30,2 млрд теңгеге 20 жоба жүзеге асырылуда. Оның 14-і бойынша мердігерлер анықталып, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып кетті, ал қалған жобалар үшін дайындық шаралары жалғасуда.

Жобалар аясында сумен жабдықтау, кәріз жүйелері, жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау желілерін жаңғырту көзделген. Басты мақсат — инженерлік желілердің тозу деңгейін кезең-кезеңімен төмендету, олардың сенімділігін арттыру және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету.

Ақтөбе облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаевтың айтуынша, инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары келесі жылы да жалғасады. > "Инженерлік желілерді жаңғырту — халықты сапалы және үздіксіз коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі. Биыл 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, келесі жылға жалпы құны 30,4 млрд теңге болатын тағы 14 жоба дайындалды. Қазіргі уақытта олардың жүзеге асырылуына қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде," — деп атап өтті Арысұлан Айтбаев.

Келесі жылға жоспарланған жобаларды алдын ала әзірлеу инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын үздіксіз жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте басты басымдықтар инженерлік желілердің жағдайын жақсарту, олардың сенімділігін арттыру және коммуналдық қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып қала береді.

деп хабарлайды ТКШ24 Ақтөбе облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сайтына сілтеме жасап.

Фото: gov.kz