Астанадағы Төле би көшесінің бөлігі жөндеуге жабылды
Астанада Төле би көшесінің бөлігі жөндеуге жабылды, автокөлік қозғалысы тоқтатылды.
Астанада «Р. Багланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі Төле би көшесін салу» жобасы аясында жол жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жұмыстардың мерзімі осы жылдың 28 тамызына дейін ұзартылды, осыған байланысты Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысындағы учаске автокөлік қозғалысы үшін толықтай жабық.
Тұран даңғылынан Е 54 көшесі арқылы Төле би көшесіне;
Ұлы Дала даңғылынан жергілікті қатынас жолы арқылы Төле би көшесіне.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өз маршруттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы мүмкін өзгерістерді ескеруді сұрайды. Бұл туралы ЖКХ24 Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.