2 қазан 2026
Энергетика саласына арналған цифрлық шешімдерді Министрлік AI & Digital Bridge 2026 көрмесінде таныстырды
Энергетика министрлігі AI & Digital Bridge 2026 көрмесінде цифрлық шешімдерін таныстырды, тиімділікті арттыру бойынша кешенді технологиялар ұсынылды.

Энергетика министрлігі 2026 жылдың 2 қазанында Астанада өткен AI & Digital Bridge көрмесінде энергетика саласының цифрлық трансформациясы, тиімділігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған кешенді технологиялық шешімдерді таныстырды.
Бірлескен технологиялық концепция негізінде төрт өзара байланысты бағыттар біріктірілген: жасанды интеллект көмегімен энергетикалық нысандарды жобалау, нақты уақыт режимінде басқару, деректерді тарату арналарын кванттық қорғау және критикалық инфрақұрылымды ұшқышсыз аппараттардан қорғау шешімдері.
Мұндай тәсіл энергетикалық нысандардың өмірлік циклінің әр түрлі кезеңдерінде цифрлық технологияларды кешенді қолдану мүмкіндіктерін көрсетеді - жобалаудан бастап, жедел басқаруға дейін және ақпараттық әрі физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
AI-жобалау бағытын PowerChina Chengdu ұсынады. Жасанды интеллект құрылыс басталмас бұрын энергетикалық нысанның орнын және параметрлерін есептеу үшін қолданылады. Бұл бағыт аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлескен ғылыми-зерттеу орталығын құру жоспарлануда.
Rauda Technologies Palanor платформасын қолданып, энерго жүйесін нақты уақыт режимінде қадағалау және басқару шешімдерін ұсынады. Жүйе ауытқуларды пайда болған сәтте тіркеп, әрекет ету нұсқаларын әзірлейді, бұл ретте түпкілікті шешімді диспетчер растайды.
Деректерді қорғауға арналған бөлек блок бар. Qubitera әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қазақстан-Сингапур кванттық технологиялар орталығымен бірлесе кванттық әдістермен энергетикалық нысандардың деректер беру арналарын қорғау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырады. Жоба келешектегі есептеу қауіптерімен бірге ақпаратор тарату арналарның қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Сондай-ақ оқыңыз:
Dominor Partners шешімдері критикалық инфрақұрылымды ұшқышсыз аппараттардан қорғауға бағытталған. Энергетикалық нысан айналасында әлеуетті қауіп-қатерлерді анықтау, тану және оларға жауап беру үшін контур қалыптасады, шешім қабылдау тәсілін оператор анықтайды.
Министрлік KMG.AIAN бастамасын жеке ұсынады. Ол мұнай өнімдерінің айналымындағы төрт сатыны - өндіру, тасымалдау, қайта өңдеу және іске асыру - елдің бірыңғай жанармай теңгеріміне біріктіруді көздейді. Мұндай тәсіл кейбір өңірлерде тапшылық тәуекелдерін алдын ала анықтауға және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін деректерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Энергетиканың цифрлық трансформациясы жеке технологиялық шешімдерден кешенді қолдануға өтуді көздейді. Жасанды интеллект, қазіргі заманғы басқару жүйелері және деректерді қорғаудың жаңа құралдары инфрақұрылымның сенімділігін және қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс. Ұсынылған жобалар осы технологиялардың практикалық мүмкіндіктерін көрсетуге және олардың энергетика саласындағы болашақ қолдану перспективаларын бағалауға мүмкіндік береді.
Энергетика министрлігі қазіргі заманғы цифрлық шешімдерді енгізу, деректерді талдау құралдарын және жасанды интеллектті дамыту, сондай-ақ отын-энергетикалық кешеннің технологиялық тұрақтылығын нығайту бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. деп хабарлайды ЖКХ24 Энергетика министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Фото: gov.kz
