Все новости

«МЭКС» ұлттық жобасы аясында медиа-тренинг Шымкентте өтті

Шымкентте «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медиа-тренинг өтті.

«МЭКС» ұлттық жобасы аясында медиа-тренинг Шымкентте өтті

Шымкентте «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын ақпараттық сүйемелдеуге арналған медиа-тренинг өтті. Іс-шараға орталық мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, табиғи монополиялар субъектілері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Медиа-тренингтің мақсаты энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды түсіндіру, салалық ұйымдар мен БАҚ арасындағы өзара әрекеттесуді нығайту, ұлттық жобаның іске асыру мәселелерін талқылау болды.

Іс-шараны ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасының орынбасары Нұрлан Болатбаев ашты, ол ұлттық жоба аясында жүзеге асырылып жатқан негізгі бағыттарды атап өтті.

Медиа-тренингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керемқұлов, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және өңірлік жобаларды іске асыру туралы баяндамамен сөз сөйледі.

Спикерлер қатарында ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасының орынбасары Ернар Хасенов, «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарушы директоры Руслан Тюлегенов, сондай-ақ «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Багдат Азбаев болды.

Панельдер барысында өңірлердегі МЭКС жобасын іске асыру, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту механизмдері және табиғи монополиялар субъектілерінің мәселелері талқыланды. БАҚ өкілдері сала мамандарынан өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша ақпараттық жұмыстың маңыздылығын, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасында тиімді өзара әрекеттесудің қажеттілігін атап өтті.

ЖКХ24 сайтынан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитеті.

Фото: gov.kz

Последнее