9 маусым 2026
Астанада «KEGOC» АҚ өтініші бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілмек
Астанада «KEGOC» АҚ өтініші бойынша қоғамдық тыңдаулар 2026 жылдың 10 шілдесінде өтеді.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Казахстанская компания по управлению электрическими сетями «KEGOC» АҚ-ның электр энергиясын беру, ұлттық электр желісін пайдалану, техникалық диспетчерлеу қызметтерінің тарифтері мен тарифтік сметаларын бекіту бойынша 2026-2031 жылдарға арналған өтініші жөніндегі қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарлайды. Тыңдаулар 2026 жылғы 10 шілдеде сағат 11:00-де өтеді.
Қоғамдық тыңдаулар Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 59 үй, «KEGOC» АҚ әкімшілік ғимараты, конференц-зал, бірінші қабат мекенжайы бойынша өткізіледі.
Сонымен қатар, мүдделі тараптардың қатысуын қамтамасыз ету үшін қоғамдық тыңдаулар Комитеттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми бетінде онлайн көрсетіледі.
Сондай-ақ оқыңыз:
Қоғамдық тыңдауларға ҚР Парламентінің депутаттары, мәслихаттар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, мемлекеттік органдар, табиғи монополия субъектілері, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады. «KEGOC» АҚ өтініші Комитеттің сайтында қолжетімді.
Комитет пен «KEGOC» АҚ байланыс телефондары және интернет-ресурстары: тел.: +7 (7172) 74-25-13, +7 (7172) 690-410.
Фото: gov.kz
5 маусым 2026
Цифрлық болашақ құрылыс: Алматыда buildingSMART Kazakhstan стратегиялық сессиясы өтті
Алматыда buildingSMART Kazakhstan стратегиялық сессиясы өтті, цифрлық құрылыс саласының дамуы және openBIM енгізуі талқыланды.

2026 жылдың 5 маусымы Алматыда buildingSMART Kazakhstan стратегиялық сессиясы өтті, бұл құрылыс және архитектура ғылыми-зерттеу және жобалау институтының базасында жұмыс істейтін ұлттық алаң ретінде openBIM-ді, құрылыс саласының цифрландыруын жəне құрылыс объектілерінің ақпараттық моделдерін енгізуді дамыту мақсатында ұйымдастырылған.
Іс-шара профессионалды қауымдастықтың қатысушыларын, buildingSMART Kazakhstan мүшесі ұйымдардың өкілдерін, құрылыс саласының сарапшыларын, білім беру мекемелерін жəне технологиялық компанияларды біріктірді.
Стратегиялық сессия аясында buildingSMART Kazakhstan-ның дамуының негізгі бағыттары, профессионалдық қауымдастықты кеңейту, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ТИМСО-ны міндетті түрде қолдану мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ оқыңыз:
buildingSMART Kazakhstan-ның жаңа мүшелерін қабылдауға, қауымдастықтың дамуына елеулі үлес қосқан қатысушылар мен ұйымдарды тануға, сондай-ақ цифрлық құрылыс саласындағы перспективалық технологиялық жобалар бірі Aidan BIM стартапымен танысуға ерекше назар аударылды, делінген хабарламада.
ЖКХ24 сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: gov.kz
