Все новости

Қазақстан және Германия энергия тиімді құрылыс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Германия энергия тиімді құрылыс саласындағы ынтымақтастықты нығайту үшін бизнес сапар өткізді. Заманауи технологиялар мен тәжірибе алмасу басты назарда.

Қазақстан және Германия энергия тиімді құрылыс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан және Германия энергия тиімді құрылыс саласындағы ынтымақтастықты дамытуда. Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Кажкенов Берлинде Қазақстан мен Германия өкілдері арасында тәжірибе алмасу мақсатында өткен бизнес сапарға қатысты.

Бағдарлама аясында қатысушылар Германияның энергия тиімді құрылыс, тұрғын үй қорының модернизациясы, тұрақты жылу жабдықтауы және қалалық даму саласындағы заманауи тәсілдерімен танысты. Сапар барысында сонымен қатар профильді сарапшылармен, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың, архитектуралық және инженерлік компаниялардың өкілдерімен кездесулер өтті.

Арнайы назар энергия тиімді шешімдерді жүзеге асырудың практикалық мысандарына, ғимараттарды модернизациялау мәселелеріне және құрылыс саласына заманауи технологияларды енгізуге аударылды.

Осындай шаралар халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, кәсіби тәжірибе алмасуға және Қазақстанның құрылыс саласына озық тәжірибелерді енгізуге елеулі үлес қосады, деп хабарлайды ЖКХ24 ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Фото: gov.kz

Последнее