Все новости

Алматы қаласының Медеу ауданында 16 аула жаңартылуда

Алматы қаласының Медеу ауданында 16 аула жаңартылып, тұрғындар үшін қауіпсіз орта құрылады.

Алматы қаласының Медеу ауданында 16 аула жаңартылуда

Алматы қаласының Медеу ауданында аулаларды абаттандыру мен ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Биыл ауданда аулаларды жаңарту, олардың қауіпсіздігін арттыру және тұрғындар үшін ыңғайлы ортаны құруға бағытталған 16 жоба жүзеге асырылуда.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында келесі мекенжайлар бойынша 6 жоба жүзеге асырылуда:

  • Мақатаев көшесі, 53 — Пушкин көшесі, 35;
  • Достық көшесі, 47 — Қабанбай батыр көшесі, 65;
  • Думан-2 ықшамауданы, №25–26 және №29–30 үйлер;
  • Қонаев көшесі, 4 — Уәлиханов көшесі, 9;
  • Нүсіпбеков көшесі, 10;
  • Қалдаяқов көшесі, 49 және 51 — палисадниктерді қоршау.

Әр жастағы тұрғындар мен балалар күнделікті пайдаланатын аумақтарға ерекше назар аударылады. Мысалы, Думан-2 ықшамауданындағы №25-26 және №29-30 үйлердің ауласында ағымдағы жөндеу аяқталды. Мұнда балалардың ойын алаңындағы резеңке жабынды толығымен ауыстырылып, жаңа ойын элементтері орнатылып, орындықтар жөнделіп, қауіпсіздікті арттыру үшін қоршаулар орнатылды.

Аулалардың ағымдағы жөндеу жұмыстары

Аулаларды ағымдағы жөндеу аясында тағы 10 жоба жүзеге асырылуда:

  • Самал-1 ықшамауданы, №37–40 үйлер;
  • Достық даңғылы, 294/2;
  • Сәтбаев көшесі, 10;
  • Зенков көшесі, 86;
  • Назарбаев даңғылы, 48;
  • Құлжа трактісі, 2А;
  • Янушкевич көшесі, 18/16;
  • Потанин көшесі, 6;
  • Қонаев көшесі, 110;
  • Қажымұқан көшесі, 16/1.

Жөндеу жұмыстары барысында аулалардағы абаттандыру элементтері, балалар алаңдары, жабындар, орындықтар мен қоршаулар жаңартылып, жөнделуде. Сонымен қатар, аумақтардың сыртқы көрінісі ғана емес, олардың функционалдылығы мен қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінеді.

деп хабарлайды ТҮКШ24 Алматы қаласы әкімдігінің Сайтына сілтеме жасап.

Фото: gov.kz

Последнее