Все новости

Жылу маусымына дайындық аясында 17 мың шақырымнан астам электр желілері жөнделді

Жылу маусымына дайындық аясында 17 мың шақырымнан астам электр желілері жөнделді. Энергетика министрлігі отырысында дайындық мәселелері қаралды.

Жылу маусымына дайындық аясында 17 мың шақырымнан астам электр желілері жөнделді

Жылу маусымына дайындық аясында 17 мың шақырымнан астам электр желілері жөнделді. Алдағы жылу маусымына энергетика кәсіпорындарының, сондай-ақ электр және жылу желілерінің дайындық мәселелері Энергетика министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне қарасты Республикалық штабтың кезекті отырысында қаралды.

Отырысқа өңірлік әкімдіктер, «KEGOC», «Самрук-Энерго», «ЦАЭК», «Қазақстан темір жолы», «QazaqGaz Aimaq», «ҚазМұнайГаз», «Каражыра», «Интергаз Орталық Азия», ЖШС «Қазақстан коммуналдық жүйелері» сияқты акционерлік қоғамдар мен елдегі энергетикалық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Жазғы кезеңде елде энергетикалық нысандарда ауқымды жөндеу жұмыстары атқарылды. Қазіргі уақытта электр станцияларында 50 негізгі жабдықты, оның ішінде 4 энергия блогын, 28 қазандықты және 18 турбинаны күрделі жөндеу толығымен аяқталды. Қазіргі таңда 3 энергия блогында, 26 қазандықта және 21 турбинада жөндеу жалғасуда.

Жылу желілерін дайындау аясында жоспарланған 377 шақырым жөндеу жұмыстарының 334 шақырымы, яғни 88,6%-ы толық аяқталды. Сондай-ақ, электр желілерінде де ауқымды жұмыстар аяқталды. Алдағы жылу маусымына дайындық аясында 17 мың км-ден астам электр жеткізу желілері күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, жоспарланған 444 қосалқы станцияның 426-ы және 3 408 тарату және трансформаторлық пункттердің 3 385-і жөнделді.

Осылайша, жылу маусымының басталуына қажетті негізгі станциялық жабдықтар құрамы қалыптастырылды және отынның нормативтік қоры қамтамасыз етілді. Электр және жылу желілерін дайындау жұмыстары аяқталуға жақын қалды.

«Жылу маусымына дайындық жоспарлы түрде жүргізілуде. Негізгі жөндеу жұмыстары аяқталып жатыр. Енді қалған шараларды аяқтап, жабдықтар мен желілердің дайындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ дайындық паспорттарын уақытылы рәсімдеу қажет», – деп атап өтті комитет басшысы Ержан Ертаев.

Ерекше бақылауда тұрған нысандар жеке қаралды. Олардың әрқайсысы бойынша нақты міндеттер мен олардың орындалу мерзімдері айқындалды. Қалған жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтап, қажетті материалдар мен жабдықтарды жеткізу және кадрларды жұмылдыру тапсырылды.

Отырыстың қорытындысы бойынша өңірлік штабтарға дайындықтың соңғы кезеңіне бақылауды күшейту және жылу маусымының басталуына энергетикалық инфрақұрылым нысандарының толық дайындығын қамтамасыз ету жүктелді, деп хабарлайды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы 24 сайты Энергетика министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Фото: gov.kz

Последнее