10 сентября 2026 г.
Павлодар облысында 1 ГВт қуаттылығында «Pavlodar Green Energy» жобасы талқыланды
Павлодар облысында 1 ГВт қуаттылығында жел электр станциясы жобасы талқыланды, құрылысқа $1,2 млрд инвестиция тарту жоспарлануда.

Энергетика министрлігі мен Қытай энергетикалық корпорациясы State Power Investment Corporation (SPIC) Павлодар облысында 1 ГВт қуаттылығында жел электр станциясын салу жобасының жүзеге асырылуын талқылады.
Жұмыс кездесуінде тараптар жобаның қазіргі жағдайын және оны іске асырудың алдағы қадамдарын қарастырды.
Жоба Экибастұз қаласының маңында SPIC компаниясы мен «Pavlodar Green Energy» ЖШС-мен бірлесе жүзеге асырылуда. Құрылысқа шетелдік тікелей инвестиция көлемі $1,2 млрд құрайды. Жел электр станциясын пайдалануға енгізу 2029 жылға жоспарланған.
Жоба 300 МВт/600 МВт·сағ қуаттылығындағы энергия сақтау жүйесі бар жел электр станциясын салуды көздейді. Жобаны жүзеге асыру өңірдің энергия жүйесінің тұрақтылығын арттырып, жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында энергетикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері де талқыланды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның энергетика саласында инвестициялық бастамаларды жүзеге асыруда ынтымақтастықты ары қарай жалғастыруға қызығушылықтары бар екенін растады.
деп хабарлайды Энергетика министрлігінің сайтына сілтеме жасаған ЖКХ24.
Фото: gov.kz
