Все новости

Алматының Медеу ауданында Олимпийская көшесінің бөлігін уақытша жапты

Алматының Медеу ауданында Олимпийская көшесінің бір бөлігінде қозғалысқа шектеу 18 қыркүйекке дейін қойылады.

Алматының Медеу ауданында Олимпийская көшесінің бөлігін уақытша жапты

Алматының Медеу ауданында Олимпийская көшесінің бір бөлігінде қозғалысқа уақытша шектеу 18 қыркүйекке дейін қойылады. Бұл 220 кВ электр кабель желісінің апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігімен байланысты.

Жұмыстар Олимпийская көшесі, 4А үйінің жанында жүргізілуде. Осы кезеңде Тышқанбаев көшесінен Байқоңыр көшесіне дейінгі бөлігінде жол жабылады.

Жөндеу қажеттілігі 220 кВ №2363 ЛЭП кабель бөлігінің зақымдалуынан туындады, бұл Алматы және Алматы агломерациясының электрмен жабдықтау жүйесінің сенімділігін төмендетіп, энергетикалық жүйені ашық режимде жұмыс істеуге мәжбүр етті.

Штаттық схеманы қалпына келтіру үшін 'Алатау Жарық Компаниясы' АҚ мамандары тікелей жол астында апаттық жұмыстарды жүргізуге тиіс. Жұмыстар қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, тәулік бойы жүргізілуде. Жұмыстар аяқталғаннан кейін бұзылған инфрақұрылым қалпына келтірілетін болады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына уақытша қозғалыс шектеулерін ескеріп, маршруттарын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.

деп хабарлайды ЖКХ24 Алматы қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Фото: gov.kz

Последнее