20 қазан 2026
Қызылорда облысында Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының құрылысы жалғасуда
Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының құрылысы 238 км ұзындықта жалғасуда, 160 мыңнан астам тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының 238 км созылған екі арнасының құрылысы іске асырылып жатыр. Бұл жоба Арал және Қазалы аудандарындағы 160 мыңнан астам тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз ететін болады. Жобаның құны 43,7 млрд теңгені құрайды. 2025 жылы республикалық бюджеттен 5,5 млрд теңге бөлініп, 23 км су құбырының құрылысы аяқталды.
2026 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 2,5 млрд теңге бөлініп, 10 км құбыр салынған. Сонымен қатар, ҚР Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен 20,5 млрд теңге бөлініп, 121 км су құбырының құрылысы жалғасуда.
Сондай-ақ оқыңыз:
деп хабарлайды ТҮКШ24 Қызылорда облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының сайтына сілтеме жасап.
Фото: gov.kz
20 қазан 2026
Қызылордада мемлекеттік қызмет саласындағы заң талаптары түсіндірілді
Қызылордада мемлекеттік қызмет саласындағы заң талаптары мен этика мәселелері түсіндірілді.

Бүгін Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында профилактикалық семинар-кеңес өтті.
Этика жөніндегі уәкіл Багдат Абдыкадыр мемлекеттік қызмет туралы заңның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, цифрлық ортадағы этика стандарттарының талаптарын, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті түсіндірді.
Семинарда мемлекеттік қызмет этикасы мен тәртіптік жауапкершіліктің нормалары жайлы облыстық мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментінің бас маманы Мамай Отаралиев баяндама жасады.
Сондай-ақ оқыңыз:
Сонымен қатар, діни экстремизм мен терроризм ұғымдары, қауіп-қатерлер және деструктивті діни ағымдардың белгілері туралы Қызылорда облысының діни мәселелерді зерттеу орталығының аға маманы Нұрдаулет Бауыржан егжей-тегжейлі ақпарат берді.
деп хабарлайды ТҮКШ24 Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сайтына сілтеме жасап.
Фото: gov.kz