11 сентября 2026 г.
Астанада 12 қыркүйектен бастап ірі экологиялық айлық басталады
Астанада 12 қыркүйектен бастап «Таза Қазақстан» экологиялық айлығы өтеді. Тазарту, абаттандыру шаралары 10 қазанға дейін жалғасады.

Астана қаласында «Таза Қазақстан» атты кең көлемді күзгі экологиялық айлық 12 қыркүйектен 10 қазанға дейін өтеді. Бұл бағдарлама аясында қаланың барлық аудандарында тазарту, абаттандыру және көгалдандыру шаралары жүргізілетін болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Айлық барысында елордада аумақтарды санитарлық тазарту бойынша шаралар ұйымдастырылады. Бұған қоса, қоқыс жинау, саябақтар мен скверлерді, тұрғын үй аулаларын абаттандыру, бизнес нысандары, қоғамдық тамақтану орындары мен басқа да мекемелерге іргелес аумақтарды тазарту жұмыстары жүргізіледі.
19 қыркүйекте айлық аясында Бүкіләлемдік тазалық күніне - World Cleanup Day 2026 арналған жалпықалалық сенбілік өтеді.
Әкімдік кәсіпорындарды, мүлік иелері бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтерін, шағын және орта бизнес өкілдерін, еріктілерді және қаланың барлық жанашыр тұрғындарын экологиялық бастамаларға қосылып, ортақ іске үлес қосуға шақырады.
Иницативаның басты мақсаты - қоғамның назарын қаланың тазалығын сақтау маңызды екеніне аудару және тұрақты экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету. Әрбір тұрғын мен ұйым көшелер мен аулаларды абаттандыруға өз үлесін қосып, қаланы таза, жайлы және экологиялық етуге атсалысуы мүмкін.
ЖКХ24 қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: gov.kz