4 сентября 2026 г.
Астанада өрт қауіпсіздігі айлығы басталды
Астанада өрт қауіпсіздігі айлығы басталды, тұрғын үйлерді қорғау бойынша алдын ала шаралар қабылдануда.

Астанада қала Төтенше жағдайлар департаменті жеке тұрғын үйлерді өрттен қорғау бойынша ауқымды профилактикалық шарасын бастады. Бұл туралы ресми астана әкімдігінің сайтында хабарланады.
Құтқарушылар өрт шығу қаупін азайту және күз-қыс мезгілінде тұрғындарадың өлім-жітімі мен жарақаттануын алдын алу мақсатында жұмыс істейді.
Өрт қауіпсіздігі айлығының алғашқы кезеңінде ТЖД қызметкерлері күнделікті ауланы аралау жұмыстарын жүргізеді. Негізінен пеш жабдықтарын, газ құрылғыларын және электр желілерін пайдалану ережелерін түсіндіруге баса назар аударылады. Мамандар тұрғындарға қыс мезгіліне пешті уақтылы дайындаудың, электр сымдарын тексерудің және балаларды қараусыз қалдыруға қатаң тыйым салудың қажеттілігін еске салады.
Әлеуметтік жағынан осал топтарға құтқару қызметтері ерекше назар аударады. Осылайша, қаланың құрылымдарымен бірге ТЖД олардың үйлеріне автономды өрт хабарлағыштарын, иіс газын және табиғи газды анықтау құрылғыларын тегін орнатып, түтін мұржаларын жиналған күйеден тазартуға көмектеседі.
Читайте также:
«Қазір өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңі жүргізілуде. Біздің негізгі мақсатымыз — жылыту маусымында өрттің алдын алу, адамдардың өлімі мен иіс газынан улануын болдырмау. Осы мақсатта ТЖД қызметкерлері тұрғын үйлерде күнделікті рейдтік шараларды өткізіп, қауіпсіздік талаптарын түсіндіреді: пештердің дайын болуы, электр желілерін тексеру және балаларды қараусыз қалдыруға болмайтыны», - деп атап өтті Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Өміржан Түкішев.
Фото: gov.kz










