Все новости

Астанада Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламалары талқыланды

Астанада Энергетика министрлігінің Қоғамдық кеңесі бюджет бағдарламаларын талқылап, 2025 жылғы даму жоспарын саралады.

Астанада Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламалары талқыланды

Астанада Жақып Хайрушевтің төрағалығымен Энергетика министрлігінің Қоғамдық кеңесі жиналыс өткізді.

Оған Энергетика министрлігінің аппарат жетекшісі Айдын Ашуев, Қоғамдық кеңес мүшелері, министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшылары қатысты.

Жиналыс барысында Энергетика министрлігінің 2025 жылғы бюджеттік бағдарламаларды орындау және іске асыру мәселелері қарастырылды. Министрліктің аппарат жетекшісі Айдын Ашуев атқарылған жұмыстар мен бюджеттік бағдарламалардың орындалу көрсеткіштері туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ, жиналыс қатысушылары Энергетика министрлігінің 2025 жылғы даму жоспарының нәтижелерін талқылады. Стратегиялық даму департаментінің өкілдері Қоғамдық кеңес мүшелерін қол жеткізілген нәтижелер және алдағы жұмыстардың негізгі бағыттары туралы хабардар етті.

Жиналыс қорытындысы бойынша бағдарламаларды іске асыру тиімділігін арттыру және министрліктің қызметін жақсарту мәселелері талқыланып, пікір алмасу жүргізілді.

ЖКХ24 Энергетика министрлігінің Сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: gov.kz

Последнее