10 сентября 2026 г.
Астанада былтыр отырғызылған алма мен алмұрт ағаштары алғашқы жемісін берді
Астанада былтыр отырғызылған 80 алма мен алмұрт ағаштары биыл алғашқы жемісін берді.

Астанада, Байқоңыр ауданында, былтыр отырғызылған 80 алма мен алмұрт ағашы биыл алғашқы жемісін берді.
Жас көшеттер Ж. Тәшенов көшесіндегі скверде отырғызылған болатын. Бір жыл ішінде ағаштар жақсы қабылданып, биыл аудан тұрғындарын алғашқы жемістерімен қуантты.
Көгалдандыру жұмыстары ауданның қоғамдық кеңістіктерін абаттандыру аясында жүргізіліп, тұрғындар үшін жағымды және ыңғайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.
Сонымен қатар, күзгі көгалдандыру аясында аудан көшелері мен қоғамдық кеңістіктеріне тағы 500-дей жасыл өсімдік отырғызу жоспарлануда.
Жасыл өсімдіктерге күтім жасау және аумақтарды әрі қарай көгалдандыру жұмыстары жүйелі негізде жүргізілуде.
деп хабарлайды ТҮКШ24 Астана қаласы әкімдігі сайтына сілтеме жасап.
Фото: gov.kz