Все новости
Благоустройство и двор

12 сентября 2026 г.

Астанада Сарыбұлақ өзенінің жағалауында «Таза жағалаулар» акциясы өтті

Астанада «Таза жағалаулар» акциясы өтті, экологияны қорғауға атсалысқан еріктілер Сарыбұлақ өзенінің жағалауын тазартты.

Астанада Сарыбұлақ өзенінің жағалауында «Таза жағалаулар» акциясы өтті

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында Сарыбұлақ өзенінің жағалауында «Таза жағалаулар» акциясы өтті деп хабарлады бас қаланың әкімдік сайты.

Іс-шара Экология департаменті мен еріктілердің ұйымдастыруымен өтті.

«Бүгін «Таза қайнар» акциясы аясында біз жағалауды тазартудамыз. Біздің еріктілер мен белсенділер өзен жағалауын қоқыстан тазарту үшін бірікті. Акцияның басты мақсаты — қоршаған ортаны таза ұстау және су қоймасының экологиялық жағдайын жақсарту», — деді Астана қаласының Экология департаменті басшысының орынбасары Жанбатыр Әлімжан.

Мұндай экологиялық іс-шаралар тұрғындардың табиғат алдындағы жауапкершілігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

деп хабарлайды "ЖКХ24" Астана қаласы әкімінің сайтына сілтеме жасап.

Фото: gov.kz

Последнее