Все новости

Алматыда Төле би көшесіндегі кей учаскелерінде түнгі қозғалысқа шектеулер қойылады

Алматыда Төле би көшесінің кей учаскелерінде 12-13 қыркүйек күндері түнгі қозғалысқа шектеулер енгізіледі.

Алматыда Төле би көшесіндегі кей учаскелерінде түнгі қозғалысқа шектеулер қойылады

Алматыда ЖРТ жобасы аясында Төле би көшесінің учаскелерінде уақытша қозғалыс шектеулері енгізіледі.

Түнгі уақытта 12-13 қыркүйек күндері сағат 23:00-ден 08:00-ге дейін Масанчи көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін және Наурызбай батыр көшесінен Желтоксан көшесіне дейінгі учаске жабық болады.

Жұмыс мерзімдері технологиялық процестің ерекшеліктеріне сәйкес түзетілуі мүмкін. Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері қойылады. Бапдарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.

Айта кетейік, қозғалыс шектеулері туралы барлық ақпарат Telegram-арнасында @AlmatyJoly, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс картасы» сервистерінде орналастырылған.

деп хабарлайды ТКШ24 Алматы қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Фото: gov.kz

Последнее