Все новости

Алматыда Asi кафесіне қосымша салынған заңсыз құрылым мәжбүрлеп бұзылуда

Алматыда Asi кафесіне заңсыз қосымша құрылым бұзылуда. Сот шешімі орындалуда.

Алматыда Asi кафесіне қосымша салынған заңсыз құрылым мәжбүрлеп бұзылуда

Алматыда Төле би көшесі, 182 мекенжайында орналасқан Asi кафесіне заңсыз тұрғызылған қосымша құрылымды мәжбүрлеп бұзу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы қала құрылысы бақылау басқармасы мәлім етті.

Бұған дейін объектінің иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, құқық бұзушылық материалдары сотқа жіберілген болатын.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен объектінің иесіне әкімшілік айыппұл салынған және заңсыз құрылымды мәжбүрлі бұзу туралы шешім қабылданған. Кейіннен меншік иесі бұл шешімді шағымдағанымен, Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Қазіргі уақытта сот шешімін орындау мақсатында Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен қосымша құрылымды бұзу жұмыстары басталды.

деп хабарлайды ТҮКШ24 Алматы қаласы Әкімдігінің Сайтына сілтеме жасап.

Фото: gov.kz

Последнее