Все новости
Заңдар мен билік

9 сентября 2026 г.

Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметшілер үшін қызметтік әдеп нормалары түсіндірілді

Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді.

Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметшілер үшін қызметтік әдеп нормалары түсіндірілді

Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормаларын сақтау, жоғары мінез-құлық стандарттарына сәйкестену және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Департамент басшысының орынбасары Р. Бисеновтың бастамасымен өткен кездесу барысында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасында қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп талаптарын, сондай-ақ қызметтік және қызметтен тыс уақытта жоғары мінез-құлық стандарттарын сақтау қажеттігі атап өтілді.

Атап айтқанда, қатаң түрде ескертілген мәселелер:

  • азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарау;
  • іскери киім үлгісін сақтау;
  • мемлекеттік мүлікті жеке мақсатта пайдаланбау;
  • қоғамдық тәртіпті бұзбау;
  • көлік құралдарын мас күйінде басқармау;
  • әлеуметтік желілерді әдеп нормаларына сәйкес жүргізу;
  • құмар ойындарға әуестенбеу.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардағы өзгерістер түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, мүдделер қақтығысын болдырмау және заңнама талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мемлекеттік қызметшінің әдептілігі, жауаптылығы және кәсіби мәдениеті мемлекеттік қызметке деген қоғамдық сенімнің маңызды негіздері болып табылады делінген хабарламада.

Фото: gov.kz

Последнее