Астанада Хусейн бен Талал көшесі мен Әл-Фараби даңғылы қиылысында жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Астанада Хусейн бен Талал көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында 10-15 қыркүйек аралығында жол жабылады.
Астанада 10-15 қыркүйек аралығында Хусейн бен Талал көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында автокөлік қозғалысы толығымен тоқтатылады. Бұл учаскеде мердігер ұйым инженерлік желілер мен жол негізін салу жұмыстарын жүргізеді.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер маршруттарын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескерулері қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ыңғайсыздықтарды азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
деп хабарлайды "ТКШ24" Астана қаласының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сайтына сілтеме жасап.