14 сентября 2026 г.
Қарағандыдағы энергетикалық нысандарды дрондар тексереді
Қарағанды облысында энергетикалық нысандарды тексеру үшін дрондар пайдаланылады.

Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменті энергетикалық нысандарды тексеруде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланады.
Дрондарды қолдану әуе электр желілерін, ғимараттар мен құрылыстарды, мұржа құбырларды және басқа қол жетпес жерлерді визуалды тексеруге мүмкіндік береді.
Аэрофото және бейнетүсірілім жабдықтың техникалық жағдайын егжей-тегжейлі бағалауға, зақымдар мен ықтимал қауіптерді уақытында анықтап, тексеру нәтижелерін кейінгі талдау үшін тіркеуге көмектеседі.
Заманауи технологияларды қолдану мемлекеттік энергетикалық бақылаудың жеделдігі мен тиімділігін арттырып, аймақтың энергетикалық инфрақұрылымының сенімді жұмысын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Мұны Энергетика министрлігінің сайтына сілтеме жасай отырып, ТҚК24 хабарлайды.
Фото: gov.kz
